Жаңалықтар

ТІЛДІК КУРСТАР

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қарқынды тілдік (қазақ, ағылшын) дайындық топтарына қабылдау жүргізеді. Мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді, жеке тұлғаларды және барлық ниет білдірушілерді шақырамыз.
Академия филиалы  – мемлекеттік және ағылшын тілдерінде пікір алмасу, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын орындау бойынша белсенді диалогқа түсудің ашық алаңы. Академияға оқуға түсу үшін мемлекеттік тілді білуге, сонымен қатар бірқатар мамандықтарға ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар бар.
Біздің авторлық бағдарламаларымыз шашыраңқы тілдік білімді біртұтас құрылымға жинақтап, сөйлеу барысындағы кедергілерді алып тастауға көмектесумен қатар сөйлеу, жазу дағдыларыңызды қалыптастырады, дамытады. 
Біз ресми-іскерлік стильдің жазылымы мен эссе, талдамалы жазбалар, сараптама, есеп, баяндама жазудың озық әдістемелері мен техникаларын игертеміз. Практикалық сабақтарда шешендік өнердің дағдылары мен көпшілік алдында еркін сөз сөйлеу техникаларын меңгересіздер.
Курс сабақтары әрбір тыңдаушыны сөйлеу кейстеріне тартатын интенсивті тренинг түрінде өткізіледі, оқытудың нәтижесі бойынша тиісті сертификаттар беріледі.

Топ  10-12 адамнан тұрады. Сабақтар аптасына 3 рет 2 академиялық сағаттан өтеді. Сабақ 1 қазаннан 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

1.Қазақ тілін оқу курстары, барлық деңгейлер
2.Ағылшын тілін оқыту курстары, барлық деңгейлер

Топтар алдын ала жазылу арқылы қалыптастырылады.

Семинарлардың ұзақтығы – 72 академиялық сағат

Біздің семинарлар тілдік құзыреттің бастауыш, орта деңгейлі, және еркін меңгерген тыңдаушыларға бағытталған. 
 
Тілдік құзыреттілікті арттыру семинарларының тақырыптары:
1.Эссе жазу техникасы және Qazaq Resmi Test тапсыруға дайындық
2.IELTS – қа дайындық

Барлық сұрақтар бойынша: +7 7713410083