16 желтоқсан – еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі күн.
Бұл – ел егемендігін паш еткен тарихтағы айрықша күн. Себебі, Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы, ұрпаққа қалған ұлы аманаты болатын.
Ел тәуелсіздігін нығайтуда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен оның өңірлердегі филиалдары мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағытында қажырлы еңбек етіп келеді.
Тәуелсіздік күнінің тарихы тереңде жатыр. ШҚО филиалы қызметкерлері облыс орталығындағы О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада өткен «Тәуелсіздік! Ата-баба аңсаған азаттығым!» шарасына қатысты. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан Шығыс Қазақстандық желтоқсаншы азаматтар туралы «Тәуелсіздік туын тіккендер» атты танымдық көрмені тамашалады. Желтоқсаншы жерлесіміз Марат Рамазанов сол сұрапыл күндер туралы естеліктерін баяндады. Шараға қатысушылар еліміз үшін тәуелсіздіктен қымбат ештеңенің жоқ екендігін ойға түйіп қайтты.
Барлық әріптестерімізді Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз.




