Жаңалықтар

СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТАБЫС ӘКЕЛЕТІН ЖЕКЕ КӘСІПТІ ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ, НӘТИЖЕ БЕРЕТІН НАҚТЫ ӨЛШЕНЕТІН МАҚСАТТАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОЮҒА ЖӘНЕ ОҒАН ЖЕТУГЕ БОЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ СҰРАҚ ҚОЙДЫҢЫЗ БА?

Жобалар әр түрлі болуы мүмкін. Егер сіз жаңа өніммен немесе қызметпен нарыққа шыққыңыз келсе – бұл жоба.Саяжай үйінің құрылысы да жоба болып табылады. Егер сіз сәтті үйленуді немесе табысты мансап құруды армандайтын болсаңыз – бұл да жоба. Мұнда ең бастысы – жобаны басқару алгоритмінде ойлау және нақты алгортим бойынша әрекет ету. Жобаларды басқаруға арналған оқыту бағдарламасы сізге ең өршіл жобаларды жүзеге асыруға, сіз үшін қажетті және маңызды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    Тренингте жобаларды жасау мен іске асыруда жобалық тәсілді қолданудың теориялық және практикалық аспектілері көрсетілген. Сонымен қатар жобалық басқару жүйесі бойынша сертификаттан өту үшін мақсатты дайындық жүргізіледі:

– ҚР ИСО 21500-2014 СТ «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық»;

– ҚР ИСО 21503-2018 СТ «Жобалар мен бағдарламаларды портфельдік басқару. Бағдарламаны басқару жөніндегі нұсқаулық;

– ҚР ИСО 21504-2016 СТ «Жобаны басқару. Жобаны, бағдарламаны және портфолионы басқару. Портфолионы басқару жөніндегі нұсқаулық».

Бұл стандарттар ұйымның кез келген түрінде, оның ішінде мемлекеттік, жеке немесе қоғамдық және жобаның кез келген түрі үшін күрделілігіне, көлемі мен ұзақтығына қарамастан қолданыла алады.

Оқыту мен сертификаттау тілі: қазақ, орыс

Егер Сізге қызықты болса, осы курсты Сіз Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында оқи аласыз.

 

Нәтижесінде не аласыз?

 

  • Жобаларды басынан аяғына дейін басқару мүмкіндігі (идеяларды әзірлеу, жобаны ілгерілету, оны нақты нәтижемен аяқтау);
  • жаңа нәтижелерге жету үшін келісілген қызметтің болуы;
  • жаңа сапаға қол жеткізу;
  • кәсіби дағдыларды жетілдіру, тиісінше сапаны жақсарту;
  • шығармашылық пен нәтижеге бағытталған жобалық ойлауды дамыту.

Сараптамалық және консультациялық қолдау шеңберінде Академия филиалының сертификатталған мамандары ұйымға жобалық тәсілді енгізу процесінде, сондай-ақ ұйымда жобаларды басқару архитектурасын құруға көмектеседі.

Сіз қандай сарапшы мен консультациялық көмек ала аласыз?

  1. Үйлестіру жұмысы (келіссөздер, кездесулер ұйымдастыру, тапсырыс берушімен ұсыныстар дайындау);
  2. Ұйымдастырушылық қолдау (оқыту, кеңес беру);
  3. Жобаның негізгі инфрақұрылымын құру процесін қолдау;
  4. Жобалық құжаттаманы әзірлеу процесін жүргізу;
  5. Жобаларды іске асыру сатысында жедел қолдау;
  6. Жобалық кеңселерге практикалық кеңестер мен қолдаулар;
  7. Өңір үшін басым жобаларды таңдау бойынша стратегиялық сессияларды өткізу;
  8. Мүдделі тараптармен кездесулер ұйымдастыру және олардың қажеттіліктерін анықтау.

Сіздерді Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының тәжірибелі тренер-кеңесшілерінің басшылығымен осы курсқа қосылуға және өтуге шақырамыз!

Бізбен бірге шеберлікті арттырыңыз!