Жаңалықтар

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МҰРАЖАЙЫ» АШЫЛУЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалымен бірлестікте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті, облыстың мемлекеттік Архивімен сондай-ақ Шығыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайының қатысуымен «Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет мұражайы» ашылуының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерге облысымыздың мемлекеттік қызметінің ардагерлері, мемлекеттік қызметшілері, ШҚО мемлекеттік мұрағатының өкілдері және Академия филиалының тыңдаушылары қатысты.
Шарада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Н.Т. Еркебаев, ШҚО мемлекеттік мұрағатының директоры С.Н. Рахметов, Академия филиалының директоры С.Э. Ковалев, мемлекеттік қызмет ардагері, әдеп жөніндегі кеңес мүшесі А.А. Құрманғалиев құттықтау сөздерін сөйледі.
Тұсаукесер аясында ШҚО мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Т. Шустова «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысының тарихы бойынша ұсынылған мұрағаттық материалдарға шолу жасады, сондай-ақ ф.ғ.к., филиалдың доценті А.Сейлхан көрмеде қойылған материалдарға қатысты құнды да қызықты ақпараттарды баяндап берді. Мұражай ел Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналып «Атамекен» патриоттық әнімен аяқталды.