«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалы 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерге қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн) ұйымдастыру және өткізуге штаттан тыс оқытушыларды, эксперттерді қабылдауды жариялайды
Конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей, яғни 2023 жылдың 28 ақпан – 14 наурыз аралығында сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін.
Барлық сұрақтар бойынша: +7 777 5417734 – Айжан Масенова.
Құжаттар 2023 жылдың 14 наурызына дейін zh.kisambina@apa.kz электронды поштасына жіберіледі.
І. мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары бойынша (мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған және мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалғандар):
- Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару
- Эмоционалды интеллект және көшбасшылық
- HR менеджмент;
- Жобалық менеджмент: бағдарламалық және портфелдік деңгейлер;
- Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы;
- Дизайн-ойлау;
- Коммуникациялық менеджмент;
- Коучинг және менторлық;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық;
- Креативтілік және инновациялар;
- Жобалық менеджмент: жобалық деңгей;
- Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар;
- Практикалық аналитика;
- Эмоционалды интеллект;
- Тиімді коммуникация дағдылары;
- Этика және парасаттылық;
- Аумақтық саясат: күшті аймақ құру құралдары;
- Жергілікті басқару және өзін қзі басқаруды дамыту.
ІІ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптары:
Басшыларға арналған семинарлар:
- Халықпен тиімді қарым-қатынас стратегиясы және көшбасшылық
- Мемлекеттік қызметтегі құндылықтар. Ынталандырушы корпоративтік орта
- Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу
- Ұйымдық мәдениет: басшының басқарушылық ресурсы
- Эмоционалды интеллект және ынталандырушы көшбасшылық
- Жеке және командалық тиімділік. Pro-активті басшы
- Стратегиялық ойлау және проблемаларды сыни тұрғыдан шешу
Мамандарға арналған семинарлар:
- Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент, стресс-менеджмент
- Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
- Дағдарыс жағдайындағы тиімді коммуникациялар
- Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
- Жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі мемлекеттік сатып алу (өңірлік компонент)
- Құзыреттілікті дамыту: жеделдік, өзін-өзі дамыту, күйзеліске төзімділік
- Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен беделі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс
- Күшті аймақты қалыптастыру құралдары (өңірлік компонент)
- Көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер
- Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ (КЕҰ) және халықпен өзара іс-қимыл технологиялары: өңірлік тәжірибе (өңірлік компонент)
- Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына (Жоба басшысы) дайындық
- Кәсіби коммуникациялар және шиеленістерді басқару
- Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары
- Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту. Data Science, деректерді визуализациялау және блокчейн-технологиялар
- Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану
- Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру
- Сыни ойлау және аналитика
- Алаш арыстары: халық үні және мемлекеттік қызмет (өңірлік компонент)
- Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы
- Мансап және отбасы: теңгерімді қалай сақтау керек
- Құзыреттілікті дамыту: парасаттылық, жауапкершілік, бастамашылдық
- Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі (өңірлік компонент)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар
- Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу: ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің практикалық аспектілері
- Шиеленістерді реттеу және этномедиация
- Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметтер және қызмет тұтынушыға бағдарлану (өңірлік компонент)
- Жеке бренд. Әлеуметтік желілердегі жұмыс: практикалық құралдар
- Өңірдің тұрақты дамуын басқару (өңірлік компонент)
- Құзыреттілікті дамыту: ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, жеделдік
- Бюджеттік қаражатты жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру
- Өңірлік жобаларды жүзеге асырудың практикалық құралдары (өңірлік компонент)
- Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару
Біліктілікке қойылатын талаптар: ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиал бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл –дан кем болмаса
Білімі: Жоғарғы білім
Жұмыс шарттары: келісімді
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) арнайы формадағы резюме;
2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері;
3) ұсынылған тақырыптар (жоғарыда көрсетілген тақырыптар) бойынша курстың және/немесе семинардың презентациясы (электрондық түрде, 10 парақтан аспайтын (үлгі бойынша);
4) таңдалған тақырыптар бойынша кейстер.
Құжаттар пакетін толық тапсырмау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiптiк деңгейiне (ғылыми жарияланымдар тізбесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Презентацияға біліктілікті арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының кемінде 2 тақырыбын дайындағаныңыз абзал.