Жаңалықтар

«Құзыреттілікті дамыту: парасаттылық, жауапкершілік, бастамашылдық»

20-22 маусым аралығында Филиалда өткізілген «Құзыреттілікті дамыту: парасаттылық, жауапкершілік, бастамашылдық» семинары барысында «Мемлекеттік қызметшілердің бастамашылдық және жауаптылық құзыреттерін дамыту» тақырыбының аясында тындаушылармен «Гранттық жоба» атты рөлдік ойыны ұйымдастырылды.

Тыңдаушылардан құрылған 3 топ өздері ұсынған бастамаларды өмірге жүзеге асыру жоспарын құрып, жоба қорғады. Командаларды ынталандыру мақсатында және белсендіктерін күшейтуде тренер арнайы критерийлерді құрып, эксперттер тобын анықтап, рөлдік ойынды жандандырды.
Ойынның қорытындысы бойынша эксперттер қызметін атқарғанда, жобаларға бағаларын бергенде жауапкершіліктің жоғары болуы қажет екенін атады. Ал жоба қорғаушылар жобаның өзектілігін дәлелдеу, жобаға мүдделі тараптарды нақты айқындау, тәуекелдерді ескеру және пайдасын белгілеу күрделі үдеріс екеніне назар аударды. Жоба жасау барысында өмірге қажетті дағдылар қалыптасатынын да мойындады.