Жаңалықтар

ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕҢБЕЙЛ ДӘУРЕН МАРАТҰЛЫМЕН МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Бүгін филилалда «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына арналған «Мотивациялық кездесу» сағатына Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Кеңбейл Дәурен Маратұлымен мазмұнды кездесу өтті.  Дәурен Маратұлы алғаш басшылық лауазымға тағайындалған әріптестерімен мемлекетік қызметке келген күннен бастап қазіргі күнге дейінгі жүріп өткен жолын баяндап, еңбек жолындағы мол тәжірибесімен бөлісті.

Өз сөзінде басшыға тән: парасаттылық, қызметті басқару, шешім қабылдау,  стратегиялық ойлау сынды құзыреттер жайында тоқталып, басқарудың тиімді тәсілдері туралы ойларын  шеберлік – сағаты мен кеңестер арқылы өрбітті. Бұл кездесу біздің тыңдаушыларға үлкен шабыт пен ынта сыйлады. Филиалдың атынан Дәурен Маратұлына зор Алғысымызды білдіре отырып  еңбегіне табыс пен абырой тілейміз!