
Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» атты халықаралық стандарты болып табылады, бұл стандарт сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

ISO 37001 стандарты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық халықаралық тәжірибелері негізінде әзірленді және Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) 2016 жылдың 15 қазанында жарияланған болатын.

Стандарт ұйым ішінде парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды. Бұл стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы әрекет етуге бағытталған және келесі мәселелерді қарастырады:

мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес сектордағы парақорлық;
️

ұйым тарапынан немесе оның атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін ұйым қызметкерлері тарапынан парақорлық;
️

ұйымның атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін іскер серіктестері тарапынан парақорлық;

ұйымдарды сатып алу;
️

ұйым қызметіне байланысты ұйым қызметкерлерін сатып алу;
️

ұйымның қызметіне байланысты ұйымның іскери серіктестерін сатып алу.
ISO 37001-де қамтылған нормалар жалпы сипатқа ие және оларды ұйымдар олардың түріне, меншік нысанына, мөлшеріне, қызмет саласына немесе ұлттық юрисдикцияға қарамастан қолдана алады.

Әлемдегі ең ірі компаниялар осы стандарт бойынша халықаралық сертификатқа ие (Microsoft, Walmart, Sberbank және т.б.). Мемлекеттік сектор ұйымдары да осы стандартты өз қызметіне енгізу үстінде.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы алғашқылардың бірі болып еліміздегі парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесінің ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін енгізген және табысты растаған мемлекеттік ұйымдардың бірі.

Стандартқа қатысты қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарлассаңыз болады:
+77752489773, +7775 7650644