Жаңалықтар

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМДІГІННІҢ АППАРАТЫНА САПАР ЖАСАУ

Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының оқыту бағдарламаларына тағы бір өзегіріс енгізілді. Қайта даярлау курсының бағдарламасында облыс әкімдігіннің аппаратына сапар жасау көзделген. Осылайша, 2025 жылғы 21 қарашада Академия филиалының тыңдаушылары үшін өңірдің жергілікті атқарушы бас мемлекеттік органға экскурсия ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Беккужина Мира Есенғазықызы курс қатысушыларын облыс әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан жекелеген құрылымдармен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар қызметтік әдеп мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы жұмыстың кәсіби стандарттарына ерекше назар аудара отырып, әңгіме өткізді.