«Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының
қарары
2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттер, инновациялылық, нәтижелілік» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына 100-ге жуық адам қатысты: ғалымдар, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару саласындағы шетелдік мамандар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы филиалдарының оқытушылары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, HR-қызметтерінің басшылары, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеттің студенттері мен магистранттары.
Конференцияда келесі бағыттарға қатысты мәселелердің кең ауқымы талқыланды:
- Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігі: технологиялар мен даму жолдары
- Мемлекеттік қызметшілердің инновациялық әлеуетін қалыптастыру
- Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік жеке және кәсіби өсу стратегиясы
- Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі
- Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың құндылық негіздері
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігінің, олардың кәсіби даму траекториясының көзі мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау жүйесінде негізгі әдіснамалық тәсілдерді – жүйелік, кешенді, бағдарламалық-нысаналы, процестік, ахуалдық және құзыреттілікті толыққанды және терең қолдану болып табылатынын атап өтті. Бұл тиімді көшбасшылар мен кәсіби басқарушылардың зияткерлік платформасын құруды қамтамасыз етеді.
Оқытудың құзыреттілік моделін іске асыру белсенділікті, жеке тұлғаның ұтқырлығын, стандартты емес ойлау мен жеке өзін-өзі дамытуды дамытуға ықпал ететін өнімді және шығармашылық тапсырмалар басым болатын озық оқыту элементтері бар кәсіби-бағытталған міндеттерді шешуге негізделеді.
Мемлекеттік қызмет саласындағы құзыреттілік тәсілдің тағы бір қыры – перспективалы қызметкерлерді ұстап қалу және анықтау үшін жағдайлар жасау. Сондықтан, қатысушылардың пікірінше, жас мемлекеттік қызметшілерді кәсіби қалыптастыруда кәсіби және адамгершілік қолдау маңызды болып табылады. Тәлімгерлердің, Әдеп жөніндегі уәкілдердің, мемлекеттік органдар мен кадр қызметтерінің басшыларының жас мамандардың мамандықты игеріп кетуін және таланттарын ашуды ұйымдастыру бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі.
Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер билік пен басқарудың барлық деңгейлеріндегі процестерге әсер етеді. Реформалау процесінде айтарлықтай қиындықтар туындайды, оның ішінде түбегейлі жаңа құндылықтарды қалыптастыруда және ұйымдастырушылық мәдениеттің басқа да сипаты бар: билік мәдениеті мен рөл мәдениетінің орнына міндеттер мәдениеті мен жеке тұлға мәдениеті келеді, бұл мемлекеттік басқарудың заманауи тәжірибесі үшін озық халықаралық тәжірибені, атап айтқанда Германия тәжірибесін зерттеудің маңыздылығын анықтайды.
Құндылықтардың өзгеруі неғұрлым күрделі проблемалардың бірі болып табылады және мемлекеттік қызметшілерді даярлау және оларды ұдайы жеке тұлғалық жетілдіру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру қажеттігіне бағдарлау процесінде ерекше назар аударуды талап етеді.
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуын жетілдіру бойынша міндеттерді іске асырудың негізгі бағыттарын түсінудегі жалпы ғылыми және тәжірибеге бағытталған ұстанымды келісіп, келесі ҰСЫНЫСТАРДЫ әзірледі:
- Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуының тиімділігін, инновациялылығын және нәтижелілігін арттыруға бағытталған отандық және шетелдік тәжірибені зерделеуді және қорытуды жалғастыру.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының контексінде құзыреттілік, нәтижелілік және клиентке бағдарлану қағидаттары негізінде мемлекеттік қызметшілердің функционалдық мәдениеті мен кәсібилігін дамыту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру – «адаморталықтық» модельді құру – «ең алдымен адамдар»
- Құзыреттілікке бағдарланған технологияларды еліміздің жетекші ғылыми мектептерінде және шетелдік әріптестерде қолданылатын құзыреттілік өзін-өзі іске асыру қағидаттарына және әдіснамалық тәсілдерге негізделген мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау практикасына зерделеу және енгізу саласындағы зерттеулерді жалғастыру. Академия филиалдары арасында осы бағытта бірлескен жобаларға бастамашылық ету.
- Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жинақталған тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау процесінде олардың құзыреттерін бағалау әдістерін диагностикалық құралдар жасау және байқаудан өткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
- Академия филиалдарының, білім беру ұйымдарының мүдделі қоғамдық, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен және ведомстволармен желілік өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттік қызметшілерді оқыту, даярлау және қайта даярлау процесінде инновациялық технологиялар туралы білімді тарату үшін пайдалану.
Ұйымдастырушы комитеті