? Бүгін – 2020 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалында Халық үніне құлақ асатын мемлекет: мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттері » тақырыбында онлайн семинар басталды.
⠀
?Семинардың мақсаты: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде мемлекеттік қызметшілердің тиімді коммуникация дағдыларын дамыту аймақтарын анықтау және конструктивті диалог жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Онлайн семинар Teams платформасын қолдану арқылы 2020 жылдың 25-29 мамыры аралығында өтеді.
⠀
➡️Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылады:
♦«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру»;
♦«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберіндегі мемлекеттік қызметші;
♦ ҚБ шеңберіндегі құзыреттер: «Ынтымақтастық»;
⠀
➡️Тыңдаушылар келесі құзыреттіліктермен таныс болады:
?Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
?Қызмет тұтынушыға бағдарлану
?Өзін-өзі дамыту
?Стресске төзімділік
ОНЛАЙН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ
