Жаңалықтар

ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН АЗАМАТТЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН ІЗДЕУ

 

Бүгін, 26 мамырда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұйымдастырған «Өңірлік мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық институттардың жүйелі өзара іс-қимылын іздеу» тақырыбында өңірлік «дөңгелек үстелінің» отырысы өтті.
Іс-шараны университет ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызы модерациялады. Спикерлер ретінде белгілі қазақстандық сарапшылар Н.П. Калашникова, Гүлмира Илеуова, Данияр Әшімбаев, Жанна Әубәкірова сөз сөйледі. Дөңгелек үстел жұмысына ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Валентина Миронова қатысты.
Жарыссөзде демограф-ғалым Александр Алексеенко, ШҚО талдау және болжау институтының жетекшісі Аяужан Әшімова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры Нұрбекова Р. К.сөз сөйледі.
Аталған іс-шарада Академия филиалы өңірінде мемлекеттік міндеттерді сапалы іске асыру үшін «ASHYQTYQ, YNTYMAQTASTYQ, KOLLABORATIVTIK» атты моделімен таныстырды.
Талқылау барысында қатысушылар өңірді де, республиканы да дамытудың өзекті тақырыптарын талқылау үшін диалог алаңын құру бастамасын қолдады. Спикерлер барлық мүдделі стейкхолдерлермен бірлесіп: – азаматтық қоғамды, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды, өңір мен республиканың экономика және әлеуметтік салаларын дамытудың жекелеген өзекті мәселелерін шешу үшін қажетті бағдарламалық құжаттар (тұжырымдамалар, даму стратегиялары) базасын әзірлеу туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, аймақтық жобалар портфелін әзірлеу қажеттілігі ұсынды.