Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2025 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерге және өзге де тұлғаларға арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн) ұйымдастыру және өткізуге штаттан тыс сарапшыларды қабылдауды жариялайды

 

ШАБЛОН ПРЕЗЕНТАЦИИ

ШАБЛОН РЕЗЮМЕ

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік  күннен кешіктірмей, яғни  2025 жылдың 29 қазан – 12 қараша аралығына  дейін жалғасады.

Конкурс онлайн (зум) форматта 13 қараша 10.00-12.00 аралығында өтеді.

 

Барлық сұрақтар бойынша: +7 7713550219 Жанель Тлеубергеновна Кисамбина хабарласуға болады.

 

І. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары (пәндері)

 

әкімшілік мемлекеттік лауазымға алғаш тағайындалғандарға:

  1. Е- Работа с обращениями граждан
  2. Өңірде мемлекеттік саясатты іске асыру: Өңірлік саясат: жүйелі проблемалар және ағымдағы жағдай.
  3. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы. Аймақтар маркетингі

 

мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға:

  1. Деректерді талдау (мемлекеттік тілде)
  2. Е-Өтініш Азаматтардың өтініштерімен жұмыс
  3. Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру: Өңірлік бағдарламалар. Аймақтар маркетингі

 

ІІ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптары:

Басшыларға арналған семинарлар: (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

  1. Коммуналдық меншік басқармасы. 
  2. Экология және қалдықтарды басқару
  3. Ақылды ауыл шаруашылығын дамыту
  4. Туристік әлеуетті дамыту
  5. Ауыл бюджетін жоспарлау және басқару. Кіші өнеркәсіптік зоналар

 

Мамандарға арналған семинарлар:

  1. Әкімшілік рәсімдерді ӘРПК аясында жүзеге асыру
  2. Еңбек кодексі: жұмыс берушінің мүддесі мен еңбек дауларын құқықтық реттеу
  3. Креативті индустрия: мемлекеттік органдар үшін перспективалар

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:

 

1) жоғары білімінің (маман) немесе магистр дәрежесінің болуы (PhD, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесінің болғаны жөн);

2) мемлекеттік қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің немесе мемлекеттік/квазимемлекеттік секторларда кемінде үш тренинг өткізу тәжірибесінің болуы (іске асырылған жобалар үміткердің түйіндемесінде көрсетіледі);

3) Қазақстан Республикасының бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, Академияның құндылықтарын, миссиясы мен көзқарасын білу (әңгімелесу кезеңінде расталады);

4) мемлекеттік және орыс тілдерін білу, мүмкіндігінше ағылшын тілін білу;

5) оқытудың интерактивті әдістемелерін меңгеру;

6)мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында тәжірибеге бағдарланған кейстердің болуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жұмысының ерекшелігін, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіну;

7) ұсыныс хаттар (мүмкіндігінше).

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

Құжаттарды 2025 жылдың 12 қарашасына дейін   zh.kisambina@apa.kz электронды поштасына жіберу керек. Конкурс 13 қараша күні 10.00-12.00 аралығында (онлайн) зум платформасы арқылы өтеді.

 

1) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері;

3) ұсынылған тақырыптар (жоғарыда көрсетілген тақырыптар) бойынша курстың және/немесе семинардың презентациясы (электрондық түрде, 10 парақтан аспайтын (үлгі бойынша);

4) таңдалған тақырыптар бойынша кейстер. 

 

Құжаттар пакетін толық тапсырмау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiптiк деңгейiне (ғылыми жарияланымдар тізбесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

Презентацияға біліктілікті арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының кемінде 2 тақырыбын дайындағаныңыз абзал.