«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2024 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерге қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн) ұйымдастыру және өткізуге штаттан тыс сарапшыларды қабылдауды жариялайды
Конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей, яғни 2023 жылдың 29 желтоқсан мен 2024 жылдың 12 қаңтар аралығында сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін
Барлық сұрақтар бойынша: +7 771 355 0219
Жанель Тлеубергеновна Кисамбина
І. мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары (пәндері)
әкімшілік мемлекеттік лауазымға алғаш тағайындалғандарға:
- Басшының витальді және эмоционалды интеллекті
- Көпшілік алдында сөйлеу
- Басқарушының сөз мәдениеті (мемлекеттік тілде)
- Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу
- Практикалық аналитика
- Коммуникациялық менеджмент
- Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу
- Деректер негізінде басқару шешімдерін қабылдау
- Мемлекеттік органдарда цифрландыру
- Өңірде мемлекеттік саясатты іске асыру
- Басшыларға арналған стратегиялық HR
- Көшбасшылық. Pro-белсенді басшы
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға:
- Бастамашылық және жауапкершілік
- Тайм және стресс менеджмент
- Витальді және эмоционалды интеллект
- Әдеп және парасаттылық
- Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану
- Практикалық аналитика
- Кәсіби коммуникациялар
- Стратегиялық менеджмент
- Деректерді талдау
- Шешендік өнер. Презентацияларды дайындау
- Е-Өтініш Азаматтардың өтініштерімен жұмыс
- Өңірде мемлекеттік саясатты іске асыру
ІІ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптары:
Басшыларға арналған семинарлар:
- Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық
- Белгісіздік дәуіріндегі трансформациялық көшбасшылық
- Эмоционалды және витальді интеллект
- Проактивті ойлау және жеке тиімділік
- Сыни тұрғыдан ойлау және инновация: жаңа шешімдер мен тәсілдер
- Объективті деректер негізінде басқару шешімдерін қабылдау
Мамандарға арналған семинарлар:
- Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
- Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
- Жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі мемлекеттік сатып алу
- Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ және халықпен өзара іс-қимыл жасау технологиялары: өңірлік практика
- Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары
- Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану трансформациясы
- Бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру
- Қақтығыстарды реттеу және этномедиация
- Бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануды басқарудың тиімділігін арттыру
- Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби имиджі мен әдебі
- Мемлекеттік органдар үшін РR: БАҚ-пен өзара іс-қимыл
- Азаматтардың өтініштерімен жұмыста АППК қолдану
- Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл құралдары
- Мемлекеттік басқарудағы цифрлық трансформация
- Әйелдер көшбасшылығы
- Тиімді коммуникациялар
- Жеке тиімділікті дамыту: тайм-менеджмент, стресс-менеджмент
- Шығармашылық индустриядағы үрдістер мен инновациялар: мемлекеттік органдар үшін перспективалар
- Құқықтық мәдениет және сауаттылық
Біліктілікке қойылатын талаптар: ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиал бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл –дан кем болмаса
Білімі: Жоғарғы білім
Жұмыс шарттары: келісімді
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
Құжаттарды 2024 жылдың 12 қаңтарына дейін zh.kisambina@apa.kz
электронды поштасына жіберу керек
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.
- жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері;
- ұсынылған тақырыптар (жоғарыда көрсетілген тақырыптар) бойынша курстың және/немесе семинардың презентациясы (электрондық түрде, 10 парақтан аспайтын (үлгі бойынша);
- таңдалған тақырыптар бойынша кейстер.
Құжаттар пакетін толық тапсырмау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiптiк деңгейiне (ғылыми жарияланымдар тізбесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.
Презентацияға біліктілікті арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының кемінде 2 тақырыбын дайындағаныңыз абзал.