Мемлекеттік қызметшілердің моральдық, этикалық және адамгершілік бағдарларының негіздерін айқындау, мемлекеттік қызметті ары қарай дамыту мақсатында білім мен тәжірибе бөлісу үшін курс тыңдаушыларына арналған мотивациялық дәрістер енгізілген.
Мотивациялық дәрістің спикерлері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Еркебаев Н.Т. және Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Акышов А.Т. мемлекеттік қызметшілерге кездесу барысында өздерінің жеке тәжірибесімен және мемлекеттік қызмет жолындағы кездескен қиындықтарымен бөлісіп, әрбір мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі дамытуының маңыздылығын айтып өтті.
Сонымен қатар Академияда білім алған магистранттары мен докторанттарының алдында ашылатын болашақтағы перспективалар да сөз етілді. Тыңдаушылар Академияда оқу туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабыл алды.
Әңгімелесу форматында өткен кездесуде курс тыңдаушылары қозғалған тақырыптар бойынша өз ойларын ашық білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алу мүмкіндіктеріне ие болды. Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілер осындай млтивациялық кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.