Академия
жаңалықтары

06
Қыркүйек
Штаттан тыс оқытушыларға арналған конкурс

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан және  Абай облыстары бойынша филиалдарының 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерге қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн) ұйымдастыру және өткізуге штаттан тыс оқытушыларды, эксперттерді  қабылдауды жариялайды

Барлығы
26
Мамыр
«Алаш арысы: халық үні және мемлекеттік қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел
✅ «Даму күні» аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалында «Алаш арысы: халық үні және мемлекеттік қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Alikhan Bokeikhan University «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Рахметуллин Еркін Ерланұлы, филиалдың штаттан тыс жаттықтырушылары, сондай-ақ қайта даярлау курстарының тыңдаушылары қатысты.
Дөңгелек үстелде Алаш қозғалысының тарихи мұрасының өзекті тақырыптары талқыланды. Е.Е: Рахметуллин Алаш тарихы туралы маңызды мәліметтермен және қызықты пікірлермен бөлісті. Ол «Алаш» ұғымдарын, оның ұлттық зиялы қауымдағы, әлемдік тарихи аренадағы орнын ғылыми тұрғыда негіздеп, жан-жақты ақпарат берді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Алаш өкілдерінің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметіне арналған өз ізденістерімен бөлісті.
Барлығы
28
Сәуір
АКАДЕМИЯ ТҮЛЕГІМЕН СҰХБАТ

?Бүгін Алтай, Шемонайха, Бородулиха аудандарының мемлекеттік қызметшілермен Академияның 2022 жылғы түлегі Куркумбаев Ермек Мухажановичпен әдемі сұхбат болды. Ермек Мухажанович Академияға түсу жайында шешім қабылдаған сәтінен бастап магистерлік жобаны қорғаған сәтіне дейін айтып берді, магистерлік жоба тақырыбын өте мұқият таңдау керектігін ескертті. Сондай-ақ Академияда білім алушыларға жасалған барлық жағдайлар жайында, жаңа таныстықтар, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа қалыптасқан көзқарастары жайында баяндады. Ермек Мухажанович аудиторияның сұрақтарына ғана жауап берген жоқ, сонымен қатар үлкен мотивация берді.

Барлығы
01
Наурыз
Штаттан тыс оқытушыларға арналған конкурс

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалы 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерге қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн) ұйымдастыру және өткізуге штаттан тыс оқытушыларды, эксперттерді  қабылдауды жариялайды

Конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік  күннен кешіктірмей, яғни  2023 жылдың 28 ақпан – 14 наурыз аралығында сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 777 5417734 – Айжан Масенова.

Құжаттар 2023 жылдың 14 наурызына дейін zh.kisambina@apa.kz электронды поштасына жіберіледі.

І. мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары бойынша (мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған және мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалғандар):

  • Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару
  • Эмоционалды интеллект және көшбасшылық
  • HR менеджмент;
  • Жобалық менеджмент: бағдарламалық және портфелдік деңгейлер;
  • Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы;
  • Дизайн-ойлау;
  • Коммуникациялық менеджмент;
  • Коучинг және менторлық;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық;
  • Креативтілік және инновациялар;
  • Жобалық менеджмент: жобалық деңгей;
  • Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар;
  • Практикалық аналитика;
  • Эмоционалды интеллект;
  • Тиімді коммуникация дағдылары;
  • Этика және парасаттылық;
  • Аумақтық саясат: күшті аймақ құру құралдары;
  • Жергілікті басқару және өзін қзі басқаруды дамыту.

ІІ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптары:

Басшыларға арналған семинарлар:

  • Халықпен тиімді қарым-қатынас стратегиясы және көшбасшылық
  • Мемлекеттік қызметтегі құндылықтар. Ынталандырушы корпоративтік орта
  • Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу
  • Ұйымдық мәдениет: басшының басқарушылық ресурсы
  • Эмоционалды интеллект және ынталандырушы көшбасшылық
  • Жеке және командалық тиімділік. Pro-активті басшы
  • Стратегиялық ойлау және проблемаларды сыни тұрғыдан шешу

Мамандарға арналған семинарлар:

  • Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент, стресс-менеджмент
  • Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары
  • Дағдарыс жағдайындағы тиімді коммуникациялар
  • Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
  • Жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі мемлекеттік сатып алу (өңірлік компонент)
  • Құзыреттілікті дамыту: жеделдік, өзін-өзі дамыту, күйзеліске төзімділік
  • Мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен беделі
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс
  • Күшті аймақты қалыптастыру құралдары (өңірлік компонент)
  • Көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер
  • Мемлекеттік органдардың ҮЕҰ (КЕҰ) және халықпен өзара іс-қимыл технологиялары: өңірлік тәжірибе (өңірлік компонент)
  • Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына (Жоба басшысы) дайындық
  • Кәсіби коммуникациялар және шиеленістерді басқару
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары
  • Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту. Data Science, деректерді визуализациялау және блокчейн-технологиялар
  • Ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану
  • Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру
  • Сыни ойлау және аналитика
  • Алаш арыстары: халық үні және мемлекеттік қызмет (өңірлік компонент)
  • Цифрлық құзіреттіліктерді дамыту. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы
  • Мансап және отбасы: теңгерімді қалай сақтау керек
  • Құзыреттілікті дамыту: парасаттылық, жауапкершілік, бастамашылдық
  • Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі (өңірлік компонент)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар
  • Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу: ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің практикалық аспектілері
  • Шиеленістерді реттеу және этномедиация
  • Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметтер және қызмет тұтынушыға бағдарлану (өңірлік компонент)
  • Жеке бренд. Әлеуметтік желілердегі жұмыс: практикалық құралдар
  • Өңірдің тұрақты дамуын басқару (өңірлік компонент)
  • Құзыреттілікті дамыту: ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, жеделдік
  • Бюджеттік қаражатты жоспарлауды және пайдалануды басқару тиімділігін арттыру
  • Өңірлік жобаларды жүзеге асырудың практикалық құралдары (өңірлік компонент)
  • Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару

Біліктілікке қойылатын талаптар: ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе филиал бейіні бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл –дан кем болмаса

Білімі: Жоғарғы білім

Жұмыс шарттары: келісімді

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) арнайы формадағы резюме;

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері;

3) ұсынылған тақырыптар (жоғарыда көрсетілген тақырыптар) бойынша курстың және/немесе семинардың презентациясы (электрондық түрде, 10 парақтан аспайтын (үлгі бойынша);

4) таңдалған тақырыптар бойынша кейстер. 

Құжаттар пакетін толық тапсырмау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiптiк деңгейiне (ғылыми жарияланымдар тізбесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

Презентацияға біліктілікті арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының кемінде 2 тақырыбын дайындағаныңыз абзал.

 

 

 

 

Барлығы
24
Ақпан
ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕҢБЕЙЛ ДӘУРЕН МАРАТҰЛЫМЕН МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Бүгін филилалда «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілерге арналған қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына арналған «Мотивациялық кездесу»

Барлығы
06
Ақпан
КОНКУРС ДЛЯ ВНЕШТАТНЫХ ТРЕНЕРОВ

Филиал РГКП «Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан по области Абай объявляет набор экспертов для разработки и проведения краткосрочных семинаров повышения квалификации и курсов переподготовки государственных служащих (оффлайн) на 2023 учебный год.

Срок подачи документов на конкурс не позднее 15 календарных дней со дня опубликования объявления, с 6 февраля 2023 года по 20 февраля 2023 года с 09-00 часов до 18-00 часов.

Барлығы
02
Ақпан
ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТЕР МЕН БАСҚАРМАЛАРЫНЫҢ ПЕРСОНАЛ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

?Бүгін Академия филиалында Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыстың департамент және басқармаларының персоналды басқару басшыларымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша шара өтті. Шараға филиалдың кабинет меңгерушісі А. Масенова қатысып, біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарындағы өзекті деген мәселелер бойынша тоқталды. Сонымен қатар облысымыздың мемлекеттік қызметшілерін 2023 жылға жоспарланып отырған бірқатар Республикалық атап айтсақ ПЖКР 2023,, «Мемлекеттік қызмет көрсету саласының үздік идеясы» сияқты ірі жобаларға қатысуға шақырды.

Барлығы
18
Қаңтар
Біріккен Араб Әмірліктерімен келіссөз жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың  басым бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, тараптар жаңартылатын энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы, тау-кен, көлік-логистика, құрылыс-девелопмент және халықаралық қаржы орталықтары арасындағы ынтымақтастық сынды перспективалы салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайту жөнінде уағдаласты.

Екіжақты ынтымақтастықтың басқа да басым бағыттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Бірлескен мәлімдемесінде жарияланды.

Ресми сапар аясында  бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институты мен Ануар Гаргаш атындағы Дипломатиялық академия арасындағы өзара түсіністік туралы

Барлығы
30
Желтоқсан
2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ

Құрметті достар мен әріптестер! 2022 жыл біз үшін күрделі әрі жауапты жобалар жылы болды!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының миссиясы білімді ел мен әлемнің игілігі үшін құру, сақтау және тарату болып табылады!

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 4124 тыңдаушыға біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары мен семинарларын өткізді. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар үшін 15 қайта даярлау және 130 біліктілікті арттыру курстары мен семинарлары өткізілді, бұл көрсеткіштер жоспардан едәуір асып түсті.

2022 жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Референдум туралы» заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өтті, бұл біздің елімізді саяси жаңғырту жолындағы маңызды кезең болды.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға дайындық аясында біздің филиал ШҚО облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге 2118 АСК және УСК өкілдеріне оқыту семинарларын өткізді. Аталған шаралар сайлау процесінің сапасын арттыруға өзіндік үлесін қосты.

Академия қызметінің маңызды шараларының бірі – мемлекеттік басқару жүйесіне ҚР 21500 Стандарты бойынша жобалық менеджмент қағидаттарын кеңінен енгізу болып табылады. 2022 жылы қайта даярлаудан өткен барлық мемлекеттік қызметшілер өз аудандары үшін өзекті жобаларды әзірлеудің белсенді қатысушылары болды. 302 жас мемлекеттік қызметкер жоба менеджменті бойынша білім алып, жаңа экономикалық және әлеуметтік жобалардың үлгісі мен презентациясын дайындады.  Сонымен қатар, біз бұл жобаларды қаржыландыру мәселелерін қарау үшін әртүрлі деңгейдегі мәслихаттарға жібердік. Филиал 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР 21500 Стандарты бойынша  42 мемлекеттік қызметші сертификаттаудан нәтижелі түрде өткізді. Бүгінгі таңда филиалда IV деңгей бойынша 3 сертификатталған тренер «Тренер-кеңесші» жұмыс істейді, олар өңірдің жобалық кеңселерінің, бейіндік басқармалар мен департаменттердің мамандарын даярлауға дайын.

Өткен жылы Академияда Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының тапсырысы бойынша Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша біліктіліктерін арттырды. Оқытудың міндеті депутаттық корпус қызметін кәсібилендіру және мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін құзыреттерді дамыту болып табылды. Біліктілікті арттыру бағдарламасына белгілі бір құзыреттерді қалыптастыратын бірқатар модульдер кірді, олардың арасында психологиялық, басқарушылық, коммуникативтік, сондай-ақ бюджетті басқару стратегиялары бар. Бағдарламаны іске асыруға Г.В.Грызунова, А.К.Сейлхан, Г.О.Берекполова, С.В.Пизиков, Е.Е. Корабаев, В.Н.Правдина, А.А.Светаш, Р.М.Адамов, Г.В.Пахомова, И.К. Беркимбаева, Л.А.Русина сынды филиалдың және бүкіл өңірдің тренерлік және сараптамалық құрамының үздік өкілдері тартылды.

Әр семинардың соңында оның тиімділігі туралы кері байланыс және оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар алынды. Депутаттар өткізілген семинарлардың пайдалылығы мен өнімділігін атап өтті, әсіресе психологиялық дайындық пен бюджетті басқару стратегиялары атап өтілді.

Мемлекеттік басқару Академиясының филиалы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының депутаттық корпусына бірлескен нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіреді.

Академия сонымен қатар ISO 37001 халықаралық стандарты – парақорлыққа қарсы іс-қимылды белсенді ілгерілетудің қатысушысы болып табылады, әрі парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу, қолдау, талдау және жақсарту бойынша талаптар белгілейді және ұсыныстар береді. 2022 жылы ШҚО әкімдігінің тапсырмасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен бірлесіп, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізуге және қолдауға арналған комплаенс-офицерлер қызметінің мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сертификаттау бойынша бірқатар семинарлар мен курстар өткізді. Академия ISO-37001 стандартын енгізу бойынша қызмет көрсетуді жалғастыруда. 2023 жылы біз комплаенс-офицерлерді даярлауға және сертификаттауға, сондай – ақ ISO-37001 стандартын енгізуге қатысты өтінімді күтеміз.

Филиал командасы мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық сектор өкілдерінің біліктілігін тиімді арттыру үшін өзінің бизнес-процестері мен жағдайларын жетілдіруге үнемі өз үлесін қосуда. Біздің филиалға Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды, бизнес және жеке тұлғалардың кәсіпорындарын, бизнес-процестердің біліктілігін арттыруға және тиімділігін дамытуға шақырамыз.

Құрметті достар мен әріптестер! ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалы барлық серіктестерді келе жатқан 2023 жылмен шын жүректен құттықтайды, баршаңызға денсаулық, елімізге тұрақтылық пен өркендеу тілейміз!

 

Барлығы
02
Желтоқсан
Биылғы жылы филиалда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттық корпусы оқыту жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде депутаттарды оқыту туралы шешім қабылданып, онда депутаттық корпустың кәсіби деңгейін дамытудың жалпы міндеті айқындалды.
Бұл мемлекеттің депутаттық қызметті қоғамдық санаттан кәсіби санатқа көшіру жөніндегі жалпы стратегиясын айғақтайды.
Облыстық мәслихат аппаратымен бірлесе отырып, «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» оқу бағдарламасы әзірленді. Ол психологиялық, басқарушылық, коммуникативті құзыреттіліктерді, бюджетті басқару тәсілдерін қамтитын белгілі бір білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын бірқатар модульдерді қамтиды.
Әр семинардың соңында оның тиімділігі туралы кері байланыс алынып, оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Жалпы, барлық депутаттар семинарлардың пайдалылығы мен өнімділігін атап өтті.
Мемлекеттік басқару академиясының филиалы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының депутаттарына бірлескен нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіреді!
Біз оқу үдерісін жетілдіру бағытында үздіксіз жұмыс жасаймыз. Тиімді кәсіби даму және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Сіздерге әрқашан есігіміз ашық!
Барлығы
01
Желтоқсан
«Кәсіби әдеп және қарым-қатынас дағдылары»
Бүгін Филиал Аягөз қаласының аудандық емханасының медициналық персоналдарына «Кәсіби әдеп және қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізуде.

Барлығы
14
Қазан
«Парасаттылық – рухани құндылықтың негізі» тақырыбында DEVELOPMENT DAY
Бүгін Академияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Парасаттылық – рухани құндылықтың негізі» тақырыбында DEVELOPMENT DAY шарасын ұйымдастырып өткізді. Аталған шара Академияның «Тілдік құзыреттілікті дамыту» кабинетінің жоспары негізінде жүзеге асуда.
Барлығы
06
Қазан
Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері!
Бүгін облыс депутаттары үшін «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» атты семинар басталды.
Семинар бағдарламасы заң шығару қызметі, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мәслихаттың іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, дағдарыс жағдайында халықпен жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік медиада коммуникациялық менеджмент және т. б. мәселелерді қамтиды.
Барлығы
21
Қыркүйек
«Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру»
2022 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалында аймақтық сайлау комиссиясының босатылған мүшелеріне арналған «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезінде сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» атты оқыту семинары өтті.
Барлығы
24
Маусым
23 маусым – еліміздің мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі.
Осы мейрам қарсаңында Филиалда қайта даярлау курсында білім алып жүрген тыңдаушылармен «Мемлекеттік қызмет – өмірлік жобалар және жобадағы өмір» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Барлығы