Жаңалықтар

БІРЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚҚА – 30 ЖЫЛ

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Академия филиалымен Өзгерістер кеңсесінің аясында «Bir el, bir taǵdyr!» жобасы 100 күнде іске асырылып келесі қомақты нәтижелерге қол жеткізілді.
«Ел мүддесі және қазақ әйелінің парасаты» деген мемлекеттік қызметтегі азаматшалардың электронды альбомы әзірленіп 2025 ж. 21 – сәуірінде «Өскемен әйелдері» қауымдастығы және «Kazzinc» компаниясымен ұйымдастырылған «Qyzai» әйелдер бастамалар форумының аясында көрсетілімі болды. Электронды альбом а.ж. 23-ші маусым айында Мемлекеттік қызметшілер күнінде қосымша көрсетілімі жоспарлануда. Альбом жыл сайын жаңа кейіпкерлермен толықтырылады.
«Kúshimiz birlikte» тақырыбында Қазақстан халқының Бірлігі мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметкерлердің арасында блиц-сұхбат өткізіліп келесі екі маңызды сұраққа жауап алынды.
1 сұрақ – «Бірлік» сөзі Сіз үшін нені білдіреді?
2 сұрақ – Этносаралық келісімді нығайту үшін не қажет? Сұхбаттың қорытындыларының көрсетілімі «Бірлік пен жасампаздыққа – 30 жыл» атты дөңгелек үстелде өткізілді.
Мемлекеттік қызметкерлермен блиц-сұхбат дәстүрге айналып әр жыл сайын 1-ші мамыр мерекесінің қарсаңында өткізілетін болады.