Филиалдың негізінде аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдеріне арналған оқыту курстары басталды. Оффлайн және онлайн форматтарында 240 оқу сағатынан тұратын оқыту бағдарламасы күрделі де ауқымды тақырыптарды қамтиды. Оның ішінде стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, салық заңнамасы, инвестициялар тарту сияқты бірқатар тақырыптар.
Бағдарлама жергілікті басқару міндеттерін тиімді орындау, ауыл халқының өмір сапасын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту үшін қажетті негізгі құзыреттерді дамытуға бағытталған. Оқыту барысында мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологияларды меңгеру, оның ішінде электронды қызметтер мен басқарушылық шешімдер қабылдау құралдары ерекше орын алады.