Жаңалықтар

«Алаш арысы: халық үні және мемлекеттік қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел

✅ «Даму күні» аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалында «Алаш арысы: халық үні және мемлекеттік қызмет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Alikhan Bokeikhan University «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Рахметуллин Еркін Ерланұлы, филиалдың штаттан тыс жаттықтырушылары, сондай-ақ қайта даярлау курстарының тыңдаушылары қатысты.
Дөңгелек үстелде Алаш қозғалысының тарихи мұрасының өзекті тақырыптары талқыланды. Е.Е: Рахметуллин Алаш тарихы туралы маңызды мәліметтермен және қызықты пікірлермен бөлісті. Ол «Алаш» ұғымдарын, оның ұлттық зиялы қауымдағы, әлемдік тарихи аренадағы орнын ғылыми тұрғыда негіздеп, жан-жақты ақпарат берді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Алаш өкілдерінің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметіне арналған өз ізденістерімен бөлісті.