Жаңалықтар

АКАДЕМИЯ ТҮЛЕГІМЕН СҰХБАТ

?Бүгін Алтай, Шемонайха, Бородулиха аудандарының мемлекеттік қызметшілермен Академияның 2022 жылғы түлегі Куркумбаев Ермек Мухажановичпен әдемі сұхбат болды. Ермек Мухажанович Академияға түсу жайында шешім қабылдаған сәтінен бастап магистерлік жобаны қорғаған сәтіне дейін айтып берді, магистерлік жоба тақырыбын өте мұқият таңдау керектігін ескертті. Сондай-ақ Академияда білім алушыларға жасалған барлық жағдайлар жайында, жаңа таныстықтар, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа қалыптасқан көзқарастары жайында баяндады. Ермек Мухажанович аудиторияның сұрақтарына ғана жауап берген жоқ, сонымен қатар үлкен мотивация берді.