Жаңалықтар

Академия ректоры іс – сапармен  Шығыс Қазақстан облысына келді.

Академия ректоры іс – сапармен  Шығыс Қазақстан облысына келді. Сапар барысында облыс әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаевпен және жергілікті  активпен кездесуде болды. Кездесу барысында Академия филиалымен екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту бойынша бағыттар талқыланды. Ары қарай, ШҚО жастары мен жас мемлекеттік қызметшілермен «ПЖКР-ге іріктеу» тақырыбындағы кездесумен жалғасты. Жастармен ашық алаң форматында бұл жобаның маңыздылығы мен мазмұны кеңінен ашылды.

Академия филиалы мен агенттіктің аумақтық департаментінің қызметшілерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевпен кездесуде мемлекеттік қызмет саласындағы болып жатқан өзгерістерге теріңінен тоқталып, әріптестер тарапынан болған сұрақтар мен ұсыныстарға кері байланыс берілді.

Академия филиалы мен Агенттіктің аумақтық департаментінің арасындағы бірлескен жобалардың жасалуына үлкен мән берілді. Сондай-ақ бұл отырыста мемлекеттік қызметшілердің біліктіліген арттыру мәселелері бойыншада пікірлер ортаға салынды.