Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Әкімшілік бөлімінің іс жүргізуші лауазымына білікті үміткер іздейді.
Сіз стратегиялық жоспарлауға, бөлімшенің тиімді қызметін ұйымдастыруға қатысасыз; филиалдың іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты жүзеге асырасыз.
Хат-хабарды қабылдап, тіркейтін, оны құрылымдық бөлімшелерге жіберетін; кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы өңдеуді, оны мақсаты бойынша жеткізуді қамтамасыз ететін; құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын және олардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асыратын боласыз.
Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім;
қазақстандық біліктілікті арттыру және/немесе оқыту бағдарламаларына қатысу сертификаттары (мүмкіндігінше), сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің құжатталған ақпаратының негізгі ережелерін білу;
Стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару және жақсарту, тиімді шешімдер қабылдау, ынтымақтастық және серіктестік, әлеуетті арттыру, ұйымдастыру және жауапкершілік; білім беру қызметтерінің клиентіне бағдар;
қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға лайықты деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді 2022 жылдың 01 маусымға дейін vko.info@apa.kz адресіне жіберіңіз.
Әкімшілік бөлімінің іс жүргізушісі
