2025 жылдың 1-5 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.
Семинар мазмұнында мемлекеттік идеология мен мемлекеттік құндылықтардың сабақтастығы, отбасылық құндылықтар, корпоративті ортаны ынталандырудың тиімді тәсілдері сынды өзекті тақырыптар талданды.
Адал азаматқа тән мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруде Ж.Баласұғынның «Құтты білік» дастанымен танысып мәтіндік талдау жасады. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметіне арналған дәріс сабақтарынан адами құндылықтардың мазмұнын түсінді. Кәсіби құндылықтарды дамытуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерімен танысты.


