Бүгін Өскемен қаласында ауылдық округ әкімдеріне арналған үш айлық арнайы қайта даярлау курстарының аясында ауыл әкімдерінің болжамды инвестициялық жобалары қорғаудан өтті.
Шығыс Қазақстан облысының 32 ауыл әкімі бағдарламаны сәтті аяқтап, инвестициялық және әлеуметтік жобаларын арнайы комиссия алдында қорғады.
Комиссия құрамына ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалынан басқа, «AMANAT» партиясының өкілдері, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасы, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ертіс» ӘКК» АҚ, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өкілдері енді.
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының лекторы Серғазин Жанболат Амангелдіұлына жобаларды сапалы түрде дайындауға өз үлесі қосқан үшін алғыс білдіреміз!
Инвестициялық жобаларын қорғаған ауыл әкімдеріне ары қарай жұмыстарын жалғастарып жобалардың табысты жүзеге асуына тілектеспіз!
Халық игілігі жолында жасап жатқан еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!








