Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып, билік пен халық арасындағы ашық диалогқа құрылған алтын көпір іспетті болып отыр.
Осы Тұжырымдаманы іске асыру аясында Филиалда округ әкімдерінің арасында «АУЫЛ ӘКІМІНІҢ БІР КҮНІ» имидждік-танымдық жобасы бастау алды.
Жобаның көздеген мақсаты – Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы: «Ең алдымен адамдар» – «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыруда халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын жүзеге асыру бағытында округ әкімдерінің имидждік беделін арттыру.
Жобаның жүзеге асырылуы оның өзектілігімен сипатталады, біздің тәжірибемізде бұл филиал тарапынан өткейі отырған 2 ірі жобаның бірі болмақ. Жоба аясында округ әкімдерінің бір күндік қызметін бейнелейтін 3-5 минуттық роликтері әлеуметтік желіде жарияланатын болады.
Жоба 2022 жылдың 02 наурызынан 14 желтоқсанына дейін өткізіледі, нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталады.