Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы әкімшілік бөлімінің іс жүргізушісі лауазымына білікті кандидат іздейді (негізгі қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңіне)
Сіздің негізгі міндеттеріңіз: Академия стратегиясын іске асыруға ат салысу; бөлімшенің тиімді қызметін стратегиялық жоспарлауға, ұйымдастыруға қатысу; филиалдың іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; хат-хабарларды қабылдап, тіркеу, оны құрылымдық бөлімшелерге жолдау; кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы өңдеуді, оны мақсаты бойынша жеткізуді қамтамасыз ету; құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуына және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру, ұйым басшысын құжаттардың орындалу нәтижелері туралы үнемі хабардар ету; Филиал құжаттамасының құпиялылығын және сақталуын қамтамасыз ету; ағымдағы мұрағат құжаттарының есебін Филиал құжаттары бойынша жүргізу, оларды істер номенклатурасына сәйкес тігу; істер номенклатурасы мен істер тізімдемесін әзірлеуге қатысу; отырыстарды немесе кеңестерді өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар ету); қарым-қатынас этикасын сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастыру, филиал қызметкерлерінің өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға ықпал ету; құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысына, ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаға тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндау. Филиал басшылығының телефон арқылы сөйлесулерін ұйымдастыру, ол болмаған кезде алынған ақпаратты жазып, мәліметке жеткізу. Аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін, пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, белгіленген мерзімде жазбаша аудармаларды орындау. Аудармаларды редакциялау және салыстыру. Мұрағатқа келіп түскен құжаттарды сақтауды ұйымдастыру және сақталуын қамтамасыз ету. Құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келіп түскен, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Құрылымдық бөлімшелерде істердің дұрыс ресімделуін және қалыптасуын бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтауға және жоюға іріктеу мақсатында құжаттардың құндылығына сараптаманы ұйымдастыру. Құжаттардың жағдайын, олардың уақтылы қалпына келтірілуін, Мұрағат үй-жайларында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалау. Мұрағат үй-жайында өртке қарсы қорғау ережелерінің, температуралық-ылғалдылық режимінің және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау. Келіп түскен сұраныстарға сәйкес Мұрағаттық көшірмелер мен құжаттар беруге, мұрағат құжаттарындағы мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасауға, мұрағат жұмысы туралы есеп жасау үшін мәліметтер дайындауға міндетті. Лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде филиал мен бөлім басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Іріктеуден өту үшін Сізге қажет:
- тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім;
- алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
- қазақстандық біліктілікті арттыру және/немесе оқыту бағдарламаларына қатысу сертификаттары (мүмкіндігінше), сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің құжатталған ақпаратының негізгі ережелерін білу;
- Стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару және жақсарту, тиімді шешімдер қабылдау, ынтымақтастық және серіктестік, әлеуетті арттыру, ұйымдастыру және жауапкершілік; білім беру қызметтерінің клиентіне бағдар;
- қазақ және орыс тілдерін, ағылшын тілін еркін меңгеру (мүмкіндігінше).
Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға ең қолайлы үміткер деп санасаңыз, бізбен бірге өз үлесіңізді қосуға және үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, 2022 жылдың 03 ақпанына дейін vko.info@apa.kz адресіне түйіндемеңізді жіберіңіз.