Жаңалықтар

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметшілерді қысқа мерзімді оқыту семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн, онлайн) әзірлеу және өткізу үшін сарапшыларды 2022 оқу жылына қабылдау туралы хабарлайды

 

І. Мемлекеттік қызметшілерді (мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған және мемлекеттік қызметте әкімшілік лауазымға алғаш рет тағайындалған) қайта даярлау курстарының бағыттары (пәндері) бойынша:

 

  • Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды басқару;
  • Эмоциялық интеллект және көшбасшылық;
  • HR менеджмент;
  • Жобалық менеджмент: бағдарлама және портфель деңгейлері;
  • Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы;
  • Ойлау дизайны;
  • Коммуникациялық менеджмент;
  • Коучинг және тәлімгерлік;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық;
  • Креативтілік және инновациялар;
  • Жобалық менеджмент: жобалық деңгей;
  • Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар ;
  • Практилық талдау;
  • Эмоционалдық интеллект;
  • Тиімді коммуникация дағдылары;
  • Этика және парасаттылық;
  • Өңірлік саясат: күшті өңір құралдары;
  • Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту

 

ІІ. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту семинарларының тақырыптары бойынша:

 

Басшыларға арналған семинарлардың тақырыптары:

·                     Дизайн ойлау және адамға бағдарлану

  • Басқару коучингі: ынталандырушы корпоративтік орта
  • Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі ISO 37001
  • Қақтығыстарды шешу және этномедиация
  • Жобаларды басқару: ISO – 21500
  • Өзгерістерді басқару мен мемлекеттік сектордағы инновациялар
  • Дағдарыс жағдайында халықпен және азаматтық қоғаммен тиімді байланыс
  • Стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу
  • Стратегиялық менеджмент және көшбасшылық

 

Мамандарға арналған семинар тақырыптары:

  • Басымдықтарды басқару: тайм-менеджмент, стресс-менеджмент
  • Құзыреттілікті дамыту: ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, жеделдік
  • Кәсіби коммуникациялар стратегиялары. Жұртшылық алдында сөйлеу
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары
  • Құзыреттілікті дамыту: парасаттылық. көрсетілетін қызметті тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру, күйзеліске төзімділік
  • Эмоционалдық интеллект және инновациялық ойлау
  • Қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының тиімді құралдары
  • Мансапты ынталандыру
  • Құзыреттілікті дамыту: парасаттылық, жауапкершілік, бастамашылдық
  • Алдымен адамдар: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамытудың практикалық құралдары
  • Мемлекеттік қызметшінің сандық құзыреттері
  • Мемлекеттік қызметшілердің этикасы, имиджі, беделі
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Тиімді коммуникациялар
  • Шешендік өнер. Storytelling
  • Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
  • Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: жауапкершілік, жеделдік, өзін-өзі дамыту
  • Мемлекеттік қызметтер және клиентке бағдарлану
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Өңірлік жоспарды жүзеге асырудағы жобалық тәсілдеме
  • Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік
  • Инклюзивті қоғам. Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен қарым-қатынас жасау
  • Мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметтердің нәтижелілігін басқару

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: ғылыми-педагогикалық қызметте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе сала бейіні бойынша практикалық жұмыста кемінде 3 жыл жұмыс өтілі

 

Біліміжоғары

 

Жұмыс шарты: келісімді

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.

 

Өтінішпен бірге келесі құжаттар өткізіледі:

1) түйіндеме (арнайы үлгідегі);

2) жоғары білімі, ғылыми және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері;

3) көрсетілген тақырыптар бойынша ұсынылған курстың (семинардың) презентациясы (тақырыптар жоғарыда көрсетілген) (электрондық түрде, 10 парақтан аспайтын (үлгі бойынша)

 

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiби деңгейiне (ғылыми жарияланымдар тізбесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

Презентация үшін біліктілікті арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында кемінде 2 пәнді дайындау.

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей, яғни, 2021 жылдың 30 қарашасынан бастап 2021 жылдың 15 желтоқсанына сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін.

 

Құжаттарды 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін k.kaulenov@apa.kz электронды мекенжайына жіберуіңіз қажет.

 

Конкурс 22-25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен  10.00-13.00 аралығында