Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Әкімшілік бөлімінің кеңесшісі лауазымына білікті үміткер іздейді.

Сіз: Академия Стратегиясын іске асыруға; оқырмандарға қызмет көрсетудегі негізгі міндеттерді орындау бойынша филиалдың саясатын іске асыруға қатысасыз; әдебиеттерді пайдаланушыларды анықтамалық-іздестіру аппаратымен (дәстүрлі және электрондық каталог) жұмыс істеуге үйретесіз; кітапхананың кітап қорымен жұмыс жасайсыз; баспасөз конференцияларын, брифингтерді, «дөңгелек үстелдерді» және басшылықтың қатысуымен өтетін кездесулерді ұйымдастырасыз, сондай-ақ БАҚ-тың ресми делегациясын сүйемелдеуді жүзеге асырасыз; қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде филиалдың қызметіне қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы баспасөз хабарламаларын және басқа ақпараттық материалдарды (мақалалар, пресс-релиз, пресс-анонс, сұхбаттар) уақтылы дайындайсыз; Академия басшылығы мен филиалдарының оң имиджін қолдау және тиісті қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізесіз; БАҚ-қа филиал іс-шараларын таныстыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырумен және қамтамасыз етумен айналысасыз; филиалдың қызметін жариялау және оның оң имиджін әлеуметтік желілерде, сондай-ақ Академияның Веб-сайтында (жаңарту) қолдау бойынша тұрақты жұмыс жүргізесіз; Академияның және оның бөлімшелерінің ақпаратын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды жүзеге асырасыз.

Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:

  • мамандығы бойынша және/немесе жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы;
  • тиісті мамандық бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында қосымша дайындығының болуы;
  • алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
  • біліктілікті арттырудың және/немесе оқыту бағдарламаларына қатысудың қазақстандық және халықаралық сертификаттары;
  • Стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару және жақсарту, тиімді шешімдер қабылдау, ынтымақтастық және серіктестік, әлеуетті арттыру, кәсіби этика мен парасаттылықтың жоғары деңгейі, білім беру қызметін тұтынушыларға бағдар беру, ұйымшылдық, білім беру саласындағы заңнаманы білу, кітапхана ісінің негіздерін білу;
  • қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға лайықты деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді 2021 жылдың 08 қазанға дейін vko.info@apa.kz адресіне жіберіңіз.