Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға әдіскері лауазымына жоғары білікті кандидат іздейді (негізгі қызметкердің декреттік демалыс уақытына).
Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:
– білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмау керек;
– жоғары білім, магистр дәрежесінің болғаны жақсы (шетелдік жоғары оқу орны дипломының болуы құпталады);
– кәсіби этика мен парасаттылық деңгейінің жоғарылығы, қызмет көрсетуге бағдарлану, тиімді коммуникативтік дағдылар, тайм-менеджмент, стресс жағдайларда және қысқа мерзімде жұмысты соңына жеткізе атқару қабілеті, жұмысқа оң көзқарас, жетілдіруге және жетілуге ұмтылу;
– қазақ және орыс тілдерін еркін білу, ағылшын тілін білгені жөн.
Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға лайықты деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді 2019 жылдың 12 қарашасына дейін жіберіңіз.Барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 700-866 номеріне хабарласуға болады.
