Жаңалықтар

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2025 оқу жылына арналған мемлекеттік қызметшілерге және өзге де тұлғаларға арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстарын (офлайн) ұйымдастыру және өткізуге штаттан тыс сарапшыларды қабылдауды жариялайды

 

ШАБЛОН ПРЕЗЕНТАЦИИ

ШАБЛОН РЕЗЮМЕ

 

Конкурсқа құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік  күннен кешіктірмей, яғни  2025 жылдың 3 -17 ақпан аралығына  дейін жалғасады.

 

Барлық сұрақтар бойынша: +7 7713550219 Жанель Тлеубергеновна Кисамбина хабарласуға болады.

 

І. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының бағыттары (пәндері)

 

әкімшілік мемлекеттік лауазымға алғаш тағайындалғандарға:

  1. Өңірде мемлекеттік саясатты іске асыру: Өңірлік саясат: жүйелі проблемалар және ағымдағы жағдай. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы. Аймақтар маркетингі
  2. Деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау (мемлекеттік тілде)
  3. Мемлекеттік органдардағы цифрландыру (мемлекеттік тілде)

 

мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға:

  1. Деректерді талдау (мемлекеттік тілде)
  2. Е-Өтініш Азаматтардың өтініштерімен жұмыс
  3. Өңірде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру: Өңірлік бағдарламалар. Аймақтар маркетингі

 

ІІ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының тақырыптары:

Басшыларға арналған семинарлар: (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

  1. Коммуналдық меншік басқармасы. Экология және қалдықтарды басқару
  2. Әлеуметтік саясат
  3. Ауыл шаруашылығын дамыту
  4. Тәуекелдерді басқару
  5. Туристік әлеуетті дамыту
  6. Өңірдің тұрақты дамуын басқару. Өңірлік басқарудағы әлеуметтік зерттеулер
  7. Ауыл бюджетін жоспарлау және басқару. Кіші өнеркәсіптік зоналар
  8. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қазіргі реформалар

 

Мамандарға арналған семинарлар:

  1. Әкімшілік рәсімдерді ӘРПК аясында жүзеге асыру
  2. Еңбек кодексі: жұмыс берушінің мүддесі мен еңбек дауларын құқықтық реттеу
  3. Бюджетті тиімді басқару: Бюджет шығындарын оңтайландырудың әдістері мен құралдары (мемлекеттік тілде)
  4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде және квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есепті жасау (өңірлік компонент)
  5. Креативті индустрия: мемлекеттік органдар үшін перспективалар

 

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:

 

  1. Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар келесі критерийлерге сәйкес болуы тиіс:  
  2. Мемлекеттік қызмет және/немесе квазимемлекеттік сектор саласында кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы; 
  3. Жоғары білім/магистр дәрежесі, PhD дәрежесі бар кандидаттарды құптайды; 
  4. Мемлекеттік тіл мен орыс тілін меңгеру; 
  5. Интерактивті оқыту әдістерін меңгеру; 
  6. Ұсыныс хаттар; 
  7. Тақырып бойынша тәжірибеге бағытталған кейстер; 
  8. Теория – 30%, практикалық бөлім – 70%. 

 

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

Конкурсқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 16-30 сәуір аралығына дейін жалғасады.  Құжаттардың электрондық нұсқасын  zh.kisambina@apa.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Конкурс 5 мамырда  (онлайн) зум платформасы арқылы өтеді.

 

1) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия филиалы директорының атына өтініш (еркін нысанда) береді.

2) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері;

3) ұсынылған тақырыптар (жоғарыда көрсетілген тақырыптар) бойынша курстың және/немесе семинардың презентациясы (электрондық түрде, 10 парақтан аспайтын (үлгі бойынша);

4) таңдалған тақырыптар бойынша кейстер. 

 

Құжаттар пакетін толық тапсырмау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтiлiне, кәсiптiк деңгейiне (ғылыми жарияланымдар тізбесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс өтілі мен біліктілігін растайтын құжаттарға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

Презентацияға біліктілікті арттыру семинарларының кемінде 2 тақырыбын және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының кемінде 2 тақырыбын дайындағаныңыз абзал.