Бүгін филиалдың кабинет меңгерушісі А. Масенова Тарбағатай ауданының мемлекеттік қызметшілермен Академияға ағымдағы жылы оқуға түсу сұрақтары бойынша арнайы кездесу өткізді. Жиын алдында аудан әкімі Д. Жоргекбаевпен кездесті. Аудан басшысымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға қатысты мәселелер талқыланды. Одан ары аппарат басшысы Е. Сабырбаевтың ұйымдастыруымен аудандағы мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіліп, оқуға қабылдаудың шарттары талқыланды.