Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Абай облысы бойынша филиалының тыңдаушыларымен кездесті.

2023 жылғы 28 қыркүйекте Абай облысына жұмыс сапары аясында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының тыңдаушыларымен және түлектерімен кездесті.

Кездесуде АКДС төрағасы мемлекеттік қызметтегі инновациялар туралы айтты. Агенттік қызметінің тиімділігі мен сервистілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған маңызды векторларын атап өтті.

Агенттік Төрағасы Мемлекет басшысының «Адал азамат» идеясын іске асыру қажеттігіне ерекше назар аударып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-жеке қасиеттерін дамыту жөніндегі шараларға тоқталды.