Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінде депутаттарды оқыту туралы шешім қабылданып, онда депутаттық корпустың кәсіби деңгейін дамытудың жалпы міндеті айқындалды.
Бұл мемлекеттің депутаттық қызметті қоғамдық санаттан кәсіби санатқа көшіру жөніндегі жалпы стратегиясын айғақтайды.
Облыстық мәслихат аппаратымен бірлесе отырып, «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» оқу бағдарламасы әзірленді. Ол психологиялық, басқарушылық, коммуникативті құзыреттіліктерді, бюджетті басқару тәсілдерін қамтитын белгілі бір білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын бірқатар модульдерді қамтиды.
Әр семинардың соңында оның тиімділігі туралы кері байланыс алынып, оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Жалпы, барлық депутаттар семинарлардың пайдалылығы мен өнімділігін атап өтті.
Мемлекеттік басқару академиясының филиалы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының депутаттарына бірлескен нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіреді!
Біз оқу үдерісін жетілдіру бағытында үздіксіз жұмыс жасаймыз. Тиімді кәсіби даму және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Сіздерге әрқашан есігіміз ашық!