Жаңалықтар

«Кәсіби әдеп және қарым-қатынас дағдылары»

Бүгін Филиал Аягөз қаласының аудандық емханасының медициналық персоналдарына «Кәсіби әдеп және қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізуде.

Тренингтің негізгі мақсаты: мақсаттас адамдар командасын құру, ашықтық, ынтымақтастық, ішкі бірлік атмосферасын құру, әрбір команда мүшесінің әлеуетін барынша ашуға ықпал ету.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар ем алушылармен әрекеттестіктің этикалық нормалары мен қағидаттарын меңгереді, оң имиджді қалыптастыру мен денсаулық сақтау ұйымының беделін басқарудың тетіктерін жақсарту туралы білімдерін және дағдыларын дамытады.