Жаңалықтар

«Парасаттылық – рухани құндылықтың негізі» тақырыбында DEVELOPMENT DAY

Бүгін Академияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Парасаттылық – рухани құндылықтың негізі» тақырыбында DEVELOPMENT DAY шарасын ұйымдастырып өткізді. Аталған шара Академияның «Тілдік құзыреттілікті дамыту» кабинетінің жоспары негізінде жүзеге асуда.

Парасаттылық – мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру немесе дамыту.
Осы ретте, мемлекеттік қызметтегі парасаттылық – мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлқы нормаларына сәйкес, кәсіби құзырет ретінде қарастырылады. Мемлекеттік қызметтегі парасаттылық ұғымын ашып-көрсетіп, өз ой-тұжырымдарымен бөлісу үшін шараның спикерлері ретінде шақырылған қонақтар:
Садыбекова Анар Жұмасияқызы – Абай аудандық мәслихатының депутаты
Касымов Арман Кабыштаевич – Алтай аудандық мәслихаттының депутаты
Кузнецова Анна Юрьевна – Глубокое аудандық мәслихатының депутаты
Бейсембаев Архат Абжатович – Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының басшысы
Кеншімбаев Болат Нурахметұлы – ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігі ШҚО бойынша департаментінің бас маманы
Қоңыров Қайратбек Есімханович – Абай облысы, Бородулиха ауданы, Переменовка ауылдық округінің әкімі
Оспанов Руслан Айдарханович – Абай облысы, Жарма ауданы, Жарық ауылдық округінің әкімі
Маралбаева Сауле Канакпеновна – Риддер қаласыны әкімінің аппараты мемлекеттік –құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы
Кездесу өте мазмұнды, рухани құндылыққа толы шара интерактивті пікірталас форматында өтті. Пікірталас барысында мемлекеттік қызметшінің парасаттылығын насихаттауға қатысты өзекті мәселелер туралы сөз қозғалды, қатысушыларға өз ойларын білдіріп, пікіталасқа еркін қатысып отырды.
Барлық қатысушыларға Алғыс білдіреміз!