Жаңалықтар

Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері!

Бүгін облыс депутаттары үшін «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» атты семинар басталды.
Семинар бағдарламасы заң шығару қызметі, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мәслихаттың іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, дағдарыс жағдайында халықпен жұмыс істеу дағдылары, әлеуметтік медиада коммуникациялық менеджмент және т. б. мәселелерді қамтиды.

Семинар мақсаты: жаңа сын тегеуріндер мен уақыттың шынайылығы жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттіліктері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.
Оқытуды жүргізуге шақырылған мамандар:
Светаш Александр Александрович-Өскемен қ. мәслихат хатшысы
Унжакова Ирина Сергеевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
Корабаев Ермек Ерланович – ШҚО бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл
Муктаганова Ляйля Вахидовна – ШҚО экономика басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы
Ашимова Аяужан Тұрсынбековна – «Ұлағат» ЖҚБ төрағасы, ШҚО бойынша МБА филиалының штаттан тыс жаттықтырушысы
Грызунова Галина Васильевна – ШҚО бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, пс.ғ.к.
Семинар барысында депутаттық қызметке қатысты нақты кейстер талқыланады, оны тиімді іске асыру үшін қажетті практикалық ұсынымдар берілетін болады.