Жаңалықтар

23 маусым – еліміздің мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі.

Осы мейрам қарсаңында Филиалда қайта даярлау курсында білім алып жүрген тыңдаушылармен «Мемлекеттік қызмет – өмірлік жобалар және жобадағы өмір» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шара басында Филиал директоры Ковалев С. мемлекеттік қызметшілерді атаулы мерекелерімен құттықтап, ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс білдірді.
Дөңгелек үстел диалогтік алаңға айналып, тыңдаушылар жобалық ойлауды қалай дамыту керек❓️, өмірлік жобалар шынайы болмысқа ие болу үшін не істеу керек❓️, мықты әрі нәтижелі команданы қалай құру керек❓️ деген т.б. сұрақтарға жауап беріп, курс барысында меңгерген білімдерімен, инсайттарымен бөлісті.
Сонымен қатар курста өздерін үздік көрсеткен бірқатар тыңдаушылар алғыс хатпен, естелік сыйлықтармен марапатталды.