Жаңалықтар

Филиалда 16 мамыр күні басталған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курстары өз мәресіне жетейін қалды.

Жас мемлекеттік қызметшілермен білім мен тәжірибе бөлісу, олардың этикалық және адамгершілік бағдарларын айқындау, мемлекеттік қызметті ары қарай дамыту мақсатында қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына мотивациялық дәрістер өткізіліп тұрады.

Осы орайда мемлекеттік қызметшілерге арналған кезекті мотивациялық дәрістің спикері ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Еркебаев Н.Т. шақырылды.

Дәріс еркін сұрақ-жауап, кездесу форматында өтті. Нұрлан Тәңірбердіұлы кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі жеке тәжірибесімен бөлісті, мемлекеттік қызметінің маңыздылығын атап өтіп, ізденістен өсуге талпыныс жасаудың қажеттілігіне тоқталды.

Спикер курс тыңдаушыларына «Мемлекеттік қызметті таңдауда нені бағдар етіп ұстадыңыз?» деген сұрақты қоя отырып, диалогтік алаңға шақырды.  Жас мемлекеттік қызметшілер кездесу барысында спикерге қызықтырған сұрақтарын қоюмен қатар, өздері де қойылған сұрақтарға белсенділікпен жауап беріп отырды.

Шара соңындағы кері байланыста курс тыңдаушылары осындай мотивациялық дәрістердің қажеттілігі туралы, кездесу барысында қоғамға сай мемлекеттік қызметші бейнесін құра алғандарын айтып, дәрістің қызықты, әсерлі де мағыналы өткенін бағалап, ризашылықтарын білдірді.