Жаңалықтар

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің жетекші сарапшысы

Қазақстан Республиксы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару  Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кабинетінің жетекші сарапшысы лауазымына құзыретті кандидатты іздейді.

Жоспар-кестелерге сәйкес қайта даярлау курстарын және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларын ұйымдастырасыз. Оқытудың бағыттары, түрлері мен нысандары бөлінісінде оқыту жоспарларын (тәртіптеме) жинауды, өңдеуді, жасауды және орындауды жүзеге асырады. Аудиторияның дайындығы, оқу техникасының сабақ өткізуге дайындығы бойынша бақылау жүргізу, оқытудың барлық бағыттары, нысандары мен түрлері бойынша тыңдаушылардың ағымдағы, аралық, қорытынды бақылауын өткізуді ұйымдастырасыз.

Сәтті іріктеуден өту үшін сізге:

  • Сәйкес мамандық бойынша жоғары білім;
  • Жұмыс тәжірибесі мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
  • бұрынғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
  • қазақстандық және халықаралық біліктілікті арттыру немесе білім беру бағдарламаларына қатысу сертификаттары;
  • кәсіби этика деңгейінің жоғары болуы, жұмысқа оң көзқарас және жетілдіруге деген ұмтылыс, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және адалдық;
  • қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін білуі құпталады.

Егер сіз өзіңізді осы лауазымға ең лайықты үміткер деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен үнемі дамуға дайын болсаңыз, 2022 жылдың 1 маусымға дейін түйіндемеңізді vko.info@apa.kz адресіне жіберуіңізді сұраймыз.