Жаңалықтар

Академияға оқуға түсу!

Бүгін филиал директоры Сергей Ковалев Глубокое ауданының мемлекеттік қызметшілерімен Академияға оқуға түсу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Шара барысында Академияда білім алудың артықшылықтары айтылып, биылғы жылғы жаңашылдықтар сөз болды.
Кездесуге қатысқан Глубокое ауданының мемлекеттік қызметшілері Академияда білім алу мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарына толықтай жауап алып, оқуға түсуге қызығушылықтарын білдірді.