Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс»

Филиалда мемлекеттік, квазимемлекеттік органдардың комплаенс-қызметтерінің қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру семинары басталды.

Семинардың мақсаты: ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесін құру тетіктері туралы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
Бағдарламаны игеру нәтижесі ISO 37001 және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенске сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу, басқару және қолдау процестері бойынша практикалық дағдыларды арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда Мемлекеттік басқару Академиясы өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудиттен өткен елдегі алғашқы мемлекеттік ұйым.