Бүгін Филиал стейкхолдерлердің сұрауы бойынша жас мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ өңірдегі жоғары оқу орындарының түлектері үшін «Мансаптық өсу мотивациясы» тақырыбында Development Day ұйымдастырды.
Қатысушылар мансаптық өсудің заманауи модельдерімен, мақсаттар қою техникаларымен және қазіргі кездегі мемлекеттік қызметте мансаптық әлеуетті ашу мүмкіндіктерімен танысты. Кездесу барысында тыңдаушылар мансапты жоспарлау туралы тұтас, жүйелі түсінікке ие болды, өзін-өзі диагностикалау және жеке мінез-құлық ерекшеліктерін талдау дағдыларын игерді, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттерімен және кәсіби мансаптық өсу үшін қажетті құзыреттерімен танысты.
Біз қайта даярлау курстарында өңірдің өршіл жастарымен келесі кездесуді күтеміз.