Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Президенттік жастар кадр резервінің негізгі көздеген мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсысыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз» деген болатын.
Осы орайда Филиалда біліктіліктерін арттырып жатқан жас мемлекеттік қызметкерлердің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы және Президенттік жастар кадр резервінің өкілі, Академия түлегі Ақышов Алмат Талғатұлымен кездесуі өтті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қызметтің құндылықтары, Жастар резерві жобасы туралы қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты