2022 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалы штаттық және штаттан тыс профессорлық-оқытушылар құрамы үшін «2022 оқу жылында мемлекеттік қызметшілерді оқытудың мазмұны мен технологиясын трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында пс.ғ.к., филиал директоры С. Ковалев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілістегі сөйлеген сөзі аясында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына қысқаша шолу жасады.
Филиал профессоры Г.Грызунова филиалдың оқытушыларын ҚР мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау курстарын және біліктілікті арттыру семинарларын әзірлеу мен ұйымдастырудың негізгі ережелерімен таныстырды.
Дөңгелек үстел жұмысы пікірталас алаңында жалғасты, онда Президент сөзінің негізгі бағыттары және оларды оқу процесіне трансформациялау, мемлекеттік қызметшілердің құзыретін арттыруда өсу аймақтарын айқындау, оқыту процесінің нәтижесіне және практикаға бағдарлануы талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар кейс-ситуациялар бойынша ұсынымдар әзірледі.