Құрметті достар және әріптестер!
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевтың сөйлеген сөзінде жүйелі себептері бар проблемалар көтерілді. Оларды шешу үшін тапсырманы орындау ғана емес, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру қажет етеді. Сонымен бірге, біздің елімізде 2022 жылдың басында болған оқиғалар барлық мемлекеттік саясатты және басшылардың санасын жаңартуды талап етеді. Бұл үшін мемлекеттік басқару жүйесінде ғана емес, әрбір кәсіпорын, ұйым және аумақ деңгейінде де қызметті реформалаудың жаңа тиімді құралдары қажет.
Кәсіпорынды (және тіпті аумақты) жаңартудың мұндай құралы бизнес-үрдістерді талдау, сипаттау, қайта ұйымдастыру және реинжиниринг болып табылады. Бизнес-үрдіс – бұл тұтынушылар үшін белгілі бір өнім мен қызметті құруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар немесе жұмыстар жиынтығы.
Бизнес-үрдістердіі талдау, сипаттау, оңтайландыру, реинженеринг өзгерістер кездейсоқ, жағдайлық және көшбасшының тікелей қатысуымен болған кезде кәсіпорынның жұмыс режимінен барлық қатысушылардың қызметі тиімді нәтиже алуға оңтайлы бағытталған кезде үрдіс режиміне көшуді қамтиды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалы келесі қызметтерді көрсетеді:
? BPMN халықаралық нотациясына сәйкес бизнес-үрдістерді формализациялауға (сипаттауға) корпоративтік оқыту – бизнес-үрдістерге және оның қызметінің тиімділігін арттыруға жауап беретін компаниялар, кәсіпорындар басшыларының, мамандардың ие болуы тиіс маңызды дағдылардың бірі;
? Бар проблемалар бойынша аналитикалық ақпарат негізінде кәсіпорынға бара отырып, бизнес-үрдістерге сипаттама жасау;
? Бизнес-үрдістерді оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу және оңтайландыру бағдарламасын енгізу;
? Кәсіпорындағы бизнес-үрдістердің реинжинирингі;
? Бизнес-үрдістерді цифрландыру бойынша жобаны әзірлеу және енгізу.
? Қызметті іске асыру қорытындылары бойынша сіз BPMN нотациясында үрдістікк тәсіл негізінде кәсіпорын, ұйым қызметінің жаңартылған енгізілген моделін аласыз, қайсыбір тауарды немесе қызметті өндіру тиімділігін арттыру және шығындарын қысқарту, қолайлы корпоративтік ахуал және әріптестермен қатынастарды жақсарту, компания қызметін жалпы жаңартуды меңгересіз.
? Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалы, Өскемен, Н. Назарбаев даңғылы, 4. Корпоративтік пошта: vko.info@apa.kz
? Қызметтерді алуға өтінімдерді телефондар арқылы жолдаңыздар 8(7232)410644, 8(7232)410314, 8(7232)410568, 8777-243-2181 (Whatsapp).