2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 8364 тыңдаушыға біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары мен семинарларын өткізді. Мемлекеттік қызметшілер, азаматтық тұлғалар үшін 16 қайта даярлау курсы және 90 біліктілікті арттыру курсы өткізілді, бұл жоспардан едәуір асып түседі.
Биылғы жылдың маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасының жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданысқа енгізу болды. Филиал оның негізгі ережелерін түсіндіруге өз үлесін қосты. 2021 жылдың сәуір, мамыр, маусым айларында біз 5287 мемлекеттік қызметшіні оқыттық және олар іс-тәжірибесінде аталған кодексті белсенді қолдана бастады.
2021 жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Оларға дайындық шеңберінде біздің филиал ШҚО облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен бірге АСК және УСК 1039 өкілдері үшін оқыту өткізді, бұл сайлау процесінің сапасына өз үлесін қосты.
2021 жылдың қазан-қараша айларында «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау» тақырыбы бойынша алғаш рет сайланған 75 ауыл әкіміне оқыту жүргізілді, оларды дайындау және 21500 – Жобалық менеджмент стандарты бойынша сертификаттау рәсімі жүргізілді.
Академия қызметінің маңызды өнімі Мемлекеттік басқару жүйесіне 21500 стандарты бойынша жобалық менеджмент қағидаттарын кеңінен енгізу болып табылады. 2021 жылы қайта даярлаудан өткен барлық мемлекеттік қызметшілер өз аудандары үшін өзекті жобаларды әзірлеудің белсенді қатысушылары болды. 331 жас мемлекеттік қызметші осы жұмысқа дайындалып, өз өңірлеріне жаңа экономикалық және әлеуметтік жобалардың моделімен және презентациясымен қайтып оралды. Сонымен қатар біз бұл жобаларды қаржыландыру мәселелерін қарастыру үшін түрлі деңгейдегі мәслихаттарға жібердік. Филиалда бүгінгі күні «Тренер-кеңесші» IV деңгей бойынша сертификатталған 4 тренер жұмыс істейді, олар өңірдің жобалық кеңселерінің, бағдарлы басқармалар мен департаменттердің мамандарын даярлауды жүргізуге дайын.
Жыл сайын филиал ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін қабылдау компаниясының жұмысына белсенді қатысады. 2021 жылы халықаралық аккредиттеуден өткен бұл бағдарламалар құзыреттілік негізінде ел үшін білікті кадрларды жүйелі түрде дайындауға арналғанын айтып өткіміз келеді. 2021 жылы Академияға біздің 4 әріптесіміз түсті.
Филиал мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау практикасында құзыреттілікке бағдарланған білім беруді дамыту бойынша «Оқыту сапасы – құзыреттілік тәсіл» жобасын іске асыруды жалғастырды. (мерзімдері 2019-2021). Осы жылы оны іске асыру қорытындысы ретінде 2021 жылдың 30 қарашасында «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізілді.
PRO «Мемлекеттік органдардағы тәлімгерліктің үздік тәжірибелері» жобасын іске асыру қорытындысы «Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік жеке және кәсіби өсу стратегиясы ретінде» секциясының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында өтті.
Академия ISO 37001 – парақорлыққа қарсы іс-қимыл халықаралық стандартын белсенді түрде ілгерілетудің қатысушысы болып табылады, ол парақорлыққа қарсы іс-қимылдың менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, қолдау, талдау және жақсарту бойынша талаптарды белгілейді және ұсыныстар береді.
2021 жылы ШҚО әкімдігінің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен бірлесіп, Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізуге және қолдауға шақырылған комплаенс-офицерлер қызметінің мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік ұйымдарында сертификаттау бойынша бірқатар семинарлар мен курстар өткізілді. Академия ISO-37001 стандартын енгізу бойынша қызмет көрсетеді. 2022 жылы біз комплаенс-офицерлерді даярлауға және сертификаттауға, сондай – ақ ISO-37001 стандартын енгізуге өтінім күтеміз.
Филиал командасы өз біліктілігін үнемі арттырып отырады, 2021 жылы біз 11 бағыт бойынша тыңдаушы ретінде қатыстық, оның ішінде супервизия, коучинг, ассесмент, жобалық менеджмент, ойлау дизайны, бухгалтерлік есеп, 1С-кадрлар және т. б. бар.
Құрметті достар және әріптестер! ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалы барлық серіктестерді келе жатқан 2022 жылмен шын жүректен құттықтайды, барлықтарыңызға және біздің елімізге денсаулық, тұрақтылық және өркендеу тілейміз!