Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Филиал басшысы Сергей Ковалев барша қазақстандықтарды және әріптестерді айтулы мерекемен құттықтап, ұжым назарына желтоқсан оқиғасына байланысты бейнефильм ұсынылды.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Еркебаев Нурлан Тәңірбердіұлы, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Қорабаев Ермек Ерланұлы филиал ұжымын мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудағы адал еңбектері мен тәуелсіз Еліміздің көркеюіне қосып жатқан үлестері үшін әріптестерімізге алғыс хат тапсырды. Әріптестерімізді еңбегі сіңген марапаттарымен құттықтаймыз!