Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференция өтті.

Конференцияның салтанатты ашылу бөлімінде Академияның Стратегиялық даму, зерттеу жұмысы және халықаралық әріптестік жөніндегі вице-ректоры Көшербаева Айгүл Беделбайқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, іс-шара қатысушыларына табыс тіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Еркебаев Н.Т.,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалы директоры Ковалев С. Э.,

«Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Солтүстік Батыс басқару институтының мемлекеттік және муниципалдық басқару кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Бабкина Л.Н.,

«Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Солтүстік Батыс басқару институтының мемлекеттік және муниципалдық басқару кафедрасының профессоры Вульфович Р.М.,

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құзыреттерін бағалау секторының бас сарапшысы, PhD докторы Белошниченко Е.В.,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Берекполова Г.О.,

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ШҚО филиалының профессоры, психологиялық ғылымдар кандидаты Грызунова Г.В. баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Конференция нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Қатысушыларға конференция материалдарының электрондық жинағы, сертификат тапсырылатын болады.