Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

 Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік қызметшілерді дамытудың кәсіби траекториясы: құзыреттілік, инновациялылық, нәтижелілік» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық бейнеконференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 
✅КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзыреттілігі: технологиялар мен даму жолдары;
2. Мемлекеттік қызметшілердің инновациялық әлеуетін қалыптастыру;
3. Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік жеке және кәсіби өсу стратегиясы ;
4. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
5. Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың құндылық негіздері:
?ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ӨТІНІМДЕР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ:
Конференция жұмысына қатысу үшін 2021 жылдың 15 қарашасына дейін MicrosoftOfficeWord форматында төмендегі ақпараттарды жіберуіңізді сұраймыз.
1. Автордың тегін, атын, әкесінің атын, жұмыс орнын, лауазымын, ғылыми дәрежесін қамтитын өтінім, е-mail-ы, секциясы және баяндама тақырыбы.
2. Талаптарға сәйкес ресімделген электрондық нұсқада жариялауға арналған материалдар. Баяндамашы ретінде қатысуға өтінімдерді Академия филиалының сайтында онлайн беру керек (сілтеме) ? https://vko.apa.kz/.
✅Конференция қорытындысы бойынша конференцияның ғылыми материалдарының ЭЛЕКТРОНДЫҚ жинағын басып шығару жоспарлануда.
➡Конференцияға жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, мемлекеттік қызметшілер, әдеп жөніндегі уәкілдер, тәлімгерлер, мемлекеттік емес ұйымдарынның өкілдері, магистранттар, докторанттар шақырылады.
?Ұйымдастырушылармен байланыс үшін: Е-mail: g.berekpolova@apa.kz ? 87055279760 87774945151