Жаңалықтар

Абай мұрасы мәңгілік

 
??Ел мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «мемлекеттік тіл шеруі» іс-шарасының жоспары аясында «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – САЯСИ ҚАЙРАТКЕР, ҰЛЫ РЕФОРМАТОР» тақырыбында DEVELOPMENT DAY шарасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 10 қыркүйекте атап өтті.

➡Даму күні шарасын Нұрсұлтан қаласындағы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясындағы әріптестеріміз, Академия магистранттары, филиалдардағы әріптестеріміз бен қатар курс тыңдаушылары, облыстағы мемлекеттік қызметшілер, барлығы – еліміз бойынша 150-ге жуық көрермен тамашалады.
?Абай Құнанбайұлының әдеби – саяси көзқарастары және реформаторлығы туралы түйінді ойларымен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елдар Оразалы, С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан университетінің «Абайтану» институтының директоры, ф.ғ.д. Айжан Қартаева, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Балтабеков, Академияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының доценті, ф.ғ.к. Айгүл Сейлхан бөлісті.
?DEVELOPMENT DAY шарасы аясында қатысушылармен «Абай – жастар көзімен» тақырыбында Диалогтік алаң және ақынға арналған жыр жолдарын жалғастыруда Шабыт алаңы ұйымдастырылды.
?Шараның өтуіне қолдау көрсеткен Академияның Мемлекеттік тілді оқыту кабинетіндегі әріптестерімізге, 1-2 курс магистранттарына, филиалдардағы әріптестерімізге, курс тыңдаушыларына зор алғыс білдіреміз!